Консультативтік органның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 226 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Консультативтік органның құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:
1) «Консультативтік органның құрамын бекіту туралы» 2007 жылғы 13 қарашадағы № 390;
2) «Консультативтік органның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 12 тамыздағы № 402.
3.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі |
Б. Жәмішев |
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Г.Марченко
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2009 жылғы 28 мамырдағы № 226
бұйрығымен бекітілген
Консультативтік органның
құрамы
| 1. | Смайылов Әлихан Асханұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
|
| 2. | Айтжанова Жәмилә Нұрматқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есепті, қаржылық есептілікті және аудиторлық қызметті дамыту департаментінің директоры
|
| 3. | Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры
|
| 4. | Тұрысбеков Дәурен Сейілханұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Тіркеу департаментінің директоры
|
| 5. | Мацаева Ирина Витальевна | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары
|
| 6. | Мыңшарипова Сая Найманбайқызы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Аудит және бақылау департаментінің директоры; |